дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 10:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ ЖӘНЕ ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ ЖӘНЕ ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ
ашық дереккөзі
ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ ЖӘНЕ ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін-пікір» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, жалпы орта білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасында ҚР Тұңғыш Президенті күні және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстық пікірсайыс турнирін өткізді. 🔹 Турнир барысында білім алушылар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының рөлі, Тәуелсіздік құндылықтары, жетістіктері, Отанға қызмет ету, қоғамның өзекті мәселелері мен оны шешу жолдары, азаматтық жауапкершілік, парасаттылық, әлеуметтік мәселелер аясында ойларын ортаға салып, тың идеялар ұсынды. Іс-шарада өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, парасаттылық мәдениеті, адамгершілік құндылықтары көрініс тауып шыңдалды, турнир барысында оқушылар ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты. 🏆Пікірсайыс турнирі нәтижесінде қазақ лигасында: 🥇І орынды Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің «Талап» фракциясы 🥈ІІ орынды Мойынқұм ауданы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының «Жамбыл жүйріктері» фракциясы 🥉ІІІ орынды Шу ауданы Жамбыл атындағы гимназияның «ARLANS» фракциясы иеленді. 🏅Жуалы ауданы №2 Мыңбұлақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қонысбай Еркеназ «Үздік спикер» номинациясының Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің 3 курс студенті Тоқберген Азамат «Үздік төреші» номинацияларының иегері атанды 🏆Орыс лигасында: 🥇І орынды Мойынқұм ауданы М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің «Жас қырандар» фракциясы 🥈ІІ орынды облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатының «InCTRL» фракциясы 🥉ІІІ орынды Тараз қаласы №24 гимназияның «Ұшқыр ой алаңы» фракциясы иеленді. 🏅Мойынқұм ауданы М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Пешетбай Аяжан «Үздік спикер» номинациясының иегері атанды. 💐Турнир нәтижесінде барлық жеңімпаздар марапатталып, сыйлықтар табыс етілді. Облыстық пікірсайыс турниріне облыс аудандары мен Тараз қаласынан 17 команда, 34 білім алушы қатысты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар