дүйсенбі, 18 қараша, 2024 3:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Рақымшылыққа ілінгендер негізгі жазадан босатылады

Рақымшылыққа ілінгендер негізгі жазадан босатылады
ашық дереккөзі
Рақымшылыққа ілінгендер негізгі жазадан босатылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын. Осыған сәйкес, өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты Тараз қалалық №1,2,3 пробация қызметінің есебіндегі 71 адамның жазасы жеңілдемек. Ал қалған 65-інің жаза мерзімдері қысқарады. Рақымшылыққа ілінгендердің бірі - Гүлзира Пайзраханова. 3-ші қаңтар күні көшеде жиылған жұртты көріп қызықтауға шыққан ол келесі күні бүлік бастаған адамдардың арасына қалай қосылып кеткенін де байқамайды. Ал тергеу нәтижесінде оған Қылмыстық кодекстің 272 бабы, 3 бөлігімен «Жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін» деген айып тағылып, 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалады. - Қатты өкінемін және солай шыққаныма қатты ұяламын. Көп адамдар да айтты бекер шықтың деп. Дұрысы сол тыныш өмір сүрген. Мұндай да ешкім ешкімнің сөзіне ермей-ақ қойса деймін. Біздің басымыздан өтті. Енді ешкімге мұндай ақыл айтпайтын едім. Рақымшылық жасау туралы заңға Президент қол қойғанын естігенде, төбем көкке жеткендей қуандым, - дейді Г.Пайзраханова.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар