жұма, 5 шілде, 2024 1:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Құрбан Изалов құландықтарға 100 планшет тарту етті

Құрбан Изалов құландықтарға 100 планшет тарту етті
ашық дереккөзі
Құрбан Изалов құландықтарға 100 планшет тарту етті

Қорағаты ауылдық округіне қарасты Көкқия тауының шатқалынан алтын өндіріп жатқан «Golden Compass Jambyl» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы, атымтай жомарт меценат Құрбан Изалов бүгінгі таңда облысқа танымал азаматтың бірегейі. Ол басқарып отырған іргелі ұжымның да абырой-беделі бүгінгі таңда республикаға белгілі. Құрбан Изаловпен осымен үшінші рет көрісіп отыр екенбіз. Алғаш рет былтыр ол Луговой ауылынан Әсел есімді көпбалалы келіншекке үй сатып алып берген сәтте жолыққанбыз. Одан кейін жомарт кәсіпкер орталық ауруханаға ИВЛ аппаратын сатып алып берді. Сол кезде екінші мәрте көрісіппіз. Ал жуырда Құрекеңмен үшінші мәрте жолығысудың сәті түсті. Кездейсоқ емес әрине. Бізді жолықтыратын сол баяғы жазудың арқасы ғой. Қалтаға ақша түссе, талтаңдап жүре алмай қалатын азаматтар жоқ емес, бар. Бар дейміз-ау, тіптен көп негізі. Шіркін-ай, Құрбан Изаловтың қарапайымдылығы мен кішіпейілділігін айтсаңызшы. «Менменсініп кеуде керу» деген кәсіпкер азаматтың бойында мүлде жоқ. Оның табысын еселеп, азаматтық болмысын көпшілікке танымал етіп жатқан қасиеттің бірі де осы жомарттықтың арқасы шығар, бәлкім. Жақында «Golden Compass Jambyl» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Құрбан Изалов аудан әкімі Ерболат Садырқұловқа құны 7 миллион теңгені құрайтын 100 планшет табыс етті.

Өз кезегінде аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы кәсіпкер азаматқа жеке алғысын білдіріп, алдағы жылдар еншісінде берекелі ұжымның беделі бұдан да биік белестерді бағындыра беруге ниеттес екенін жеткізді. Кәсіпкерден қабыл алған қайтарымсыз планшеттерді Ерболат Садырқұлов аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Майра Базароваға табыстап, бірінші кезекте көпбалалы және аз қамтылған отбасы жеткіншектеріне табыс ету қажеттігін сөз етті. Апта басында аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Айдарбекқызы аудан басшысының тапсырмасы бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасы жеткіншектеріне Құрбан Изалов қайырымдылық ретінде берген қайтарымсыз планшеттерді бекітілген тізім бойынша үлестіріп берді. Бөлім басшысы өз сөзінде ата-аналарға бұл жақсылықты «Golden Compass Jambyl» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Құрбан Изалов жасап жатқанын атап өтті. Біз жиналыстың басынан соңына дейін қатыстық. «Қайтарымсыз» деген сөзді естігенде ата-аналардың қуанышында шек болмады шыны керек. Жиын соңында Нұртан Алимбекова көпшіліктің алдына шығып, Құрбан Изалов басшылық жасап отырған «Golden Compass Jambyl» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымына алғысын білдірді. Сондай-ақ, ақ жаулықты ана елімізде тек қана бірлік пен татулық орнап, лайым бейбітшілік заманда ғұмыр кешуге Алла нәсіп етсін деген тілегін жеткізді.

 

Марат Диханбай,

Т. Рысқұлов ауданы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар