Республика күні: Масанчи ауылдық округінде жаңа футбол алаңшасы ел игілігіне берілді
Алаңша Күнбатыс-1 ауылында орналасқан
Республика күні қарсаңында, Масанчи ауылдық округіне қарасты Күнбатыс-1 ауылында су жаңа шағын футбол алаңшасының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, округ әкімі Хусейн Буларов, ауылдық ардагерлер алқасының мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты. Алдымен аяқдоп алаңының ашылуына арналған лента қию рәсімі орындалды. Салтанатты рәсімге аудан әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы, ауыл ақсақалдары шақырылды.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, шағын футбол алаңының құрылыс жұмыстарын «TNAY story» мердігерлік мекемесі атқарып шыққан.
Келесі кезекте, ақ жаулықты аналар шашу шашып, күн райының жауын-шашынды болуына қарамастан, қонақтар жаңа ашылған алаңға беттеді.