Республика күніне орай салтанатты шара өткізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 24 қазан, 2024
- 256
Бүгін, 25 қазан – Республика күніне орай, Жамбыл облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұйымдастырған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараға департаменттің басшылығы, жеке құрам қызметкерлері, сала ардагерлері, ата-аналар және №58 мекемесінің қызметкерлері қатысып, мерекелік атмосфераны сезінді.
Жиын барысында ҚАЖ саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар арнайы марапаттарға ие болды. Департамент бастығы Жәнібек Қосжанов марапаттарды табыстап, қызметкерлер мен олардың ата-аналарына алғыс білдірді. Мекеменің режим бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының бақылаушысы әділет сержанты Мырзабай Ақназар Шегемдерұлының әкесі Бекназаров Шегемберді Мырзабайұлына алғысхат ұсынылды.
Шараның соңы өнерпаздардың мерекелік концертімен жалғасты, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024