жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 20:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Республика күніне орай спорттық шара ұйымдастырылды

Республика күніне орай спорттық шара ұйымдастырылды
ашық дереккөзі
Республика күніне орай спорттық шара ұйымдастырылды
25 қазан - Республика күні қарсаңында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде спорттық-мерекелік бұқаралық шара өтті. Бұл күні мекемедегі жазасын өтеушілер жеңілатлетикалық спорттың бірнеше түрінен сынға түсіп, өзара кім мықтыны анықтады. Сайыс барысында сотталған азаматтар кіші футбол ойнап, гір тасын көтеруден бақ сынасты. Тартысты өткен додаға әрбір жазасын өтеуші белсене қатысып, мекеме әкімшілігі әзірлеген сый-сияпатты қанжығасына байлауға күш салды. Айта кетейік, бұл спорттық шара арнайы контингентке мерекелік көңіл-күй сыйлау және олардың қоғаммен байланысын нығайту әрі еліміздің патриоты болуға үндеу мақсатында жүзеге асты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар