«Кәсіби режиссер жоқ»: Жамбыл облыстық қазақ драма театрында неге премьера аз
Бүгін өнер ордасында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры Ақылдос Тәжиев журналистердің сұрағына жауап берді,- деп хабарлайды jambylinfo.kz
Бүгін аймақтың маңдайалды өнер ордасында баспасөз конференциясы өтті. Онда тағайындалғанына бір айдан асқан мекеме басшысы атқарылған жұмыстарды сараптап, алдағы жоспарымен бөлісті. Сонымен қатар театрдың жұмысына байланысты өзекті сұрақтарға бүкпесіз жауап берді.
ПРЕМЬЕРА НЕГЕ АЗ?
Көрермен қауым бүгінгі таңда Асқар Тоқпанов театрында премьералар аз екеніне жиі шағымданады. Мекеме директоры театрсүйер қауымның уәжі орынды деп отыр. Айтуынша бұған бірнеше себеп бар. Ақылдос Тәжиевтің сөзінше, спектакльдың тартымдылығы мен көрермен көңілінен шығуы ұзақ дайындықты талап етеді. Сол үшін де театр сапаға жұмыс жасауды көздейді.
Ал, театрдың көркемдік жетекшісі Анар Сағымбекованың айтуына қарағанда бұл мәселенің тағы бір себебі – кәсіби режиссердің жоқтығы.
ТЕАТРЛАРМЕН ӨҢІРАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС
Биыл Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ театры бірнеше өңірге гастрольдік сапармен баруды жоспарлап отыр.Театр ұжымы алғашқы сапарды Түркістан облысынан бастайды.
СЫРТТАН МАМАН ШАҚЫРУ
Жалпы, биыл театр сахналанатын жаңа қойылымдарға режиссерларды сырттан алдыру жұмыстарын қарастырып отыр.
Айта кетейік, биыл аталған театрдың 90 жылдығына және режиссер, Қазақстанның Халық артисі Асқар Тоқпановтың 110 жылдығына орай Республикалық театр фестивалі өткізілмек.