сенбі, 23 қараша, 2024 4:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Рухтың биік әрі бай болуы материалдық ахуалдан әлдеқайда маңызды

Рухтың биік әрі бай болуы материалдық ахуалдан әлдеқайда маңызды
ашық дереккөзі
Рухтың биік әрі бай болуы материалдық ахуалдан әлдеқайда маңызды
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақтағы жүзеге асу барысына байланысты жиын өтті. Онда маңызды бағдарламаның карантин жағдайындағы іске асырылу қарқыны қаралды. Бұл туралы Ержан Жұматұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.
«Биылғы жаһандық пандемия адамзат құндылықтары мен өмір сүру дағдысын өзгертті. Салауатты өмір салтын сақтау, адамгершілік таныту, қайырымды, жанашыр, үнемшіл болу, бірлікті сақтау, рухтың биік әрі бай болуы сияқты қасиеттердің материалдық ахуалдан әлдеқайда маңызды екендігіне тағы бір көз жеткіздік. Сондықтан, елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағыттары мен мақсат-міндеттері өзгеше сипат алды. Жаңа жобалар қолға алынды. Елбасы бағдарламасының маңызы мен мәнін жете түсініп, өңірде жүйелі әрі нәтижелі жүзеге асыра беру керек. Сол шаруаларды пысықтап, бүгін арнайы кеңес өткіздік. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аймақта жыл басынан 13 арнайы жоба бойынша іске асырылды. 323 млн теңгеге 41 жоба қаржыландырылып, 3 мыңның үстінде іс-шара өтіпті. Демеушілер мен меценаттар есебінен Қордай, Жуалы, Меркі, Жамбыл, Т.Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласында ауқымды жұмыстар атқарылған. Бағдарлама аясында облыс орталығындағы «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің екінші кезеңі жалғасуда. «Көне Тараз» кешені мен Қарахан баба кесенесін байланыстыратын Арбат-1 жолының, Әйтеке би көшесінің бойынан «Анаға тағзым» орталығының макетін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Аққозиев пен Сыпатай батыр көшелерінің аралығында Арбат-3 кешені мен жаяу жүргіншілер жолағы,  Арбатта «Қазақ халқына мың алғыс» монументі ел игілігіне берілді. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің қолдауымен жатақхана алдындағы саябақта биіктігі 7,5 метрлік «Домбыра» ескерткіші ашылды. Оқу орындарынан Дулати университеті барлық жобаларды дер кезінде, жоғары деңгейде орындаса, Тараз, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, Жуалы аудандары жоғары көрсеткішке ие болды. Сарысу, Мойынқұм аудандары бұл бағдарламаға немқұрайды қараған. Ең үздік жоба ретінде Байзақ ауданынан бастау алған «Асарлатып үй салуды» айтуға болады. Бұл бастаманы облыс әкімі Бердібек Машбекұлы қолдап, аймақ бойынша 123 тұрғын үй салынып жатыр. Биылғы маусым айында Мемлекеттік хатшының тапсырмасымен «Үнем – қоғам қуаты», «Дәстүр мен ғұрып», «Еңбек – елдің мұраты», «Құқықтық мәдениет» арнайы жобалары енгізілді. Алдағы уақытта бұл жобаларға да басымдық берілуі қажет»  — деді аймақ басшысының орынбасары.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар