Құрылыс кезінде көне жәдігер табылды
«Тасын түртсең тарихы көрінетін» Көне Тараз шаһарынан құндыда бірегей жәдігерлер табылып жатыр. Соның бір дәлелі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі 2020 жылдың 14 қыркүйек күні «Музейге сый» акциясы аясында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының, Ақбұлым ауылының тұрғыны Руслан Нурасилов және құрылысшы Жайлыбаев Жанболат су құбырын орнату жұмыстары барысында ортағасырға жататын «хум» ыдысын тапты. Тарихи құндылықтар мен мәдени мұрамызға бейжай қарамайтын азаматтардың арқасында музей қоры толықтырылуда. Бұл жәдігер комиссиядан өткізіліп, құжатталып, музейдің негізгі және қосымша қорына өткізілетін болады.
Музей үшін осындай жәдігерлер халық жадын жандандыруға қызмет ететін, мамандардың зерттеулеріне арқау болатын, ондаған, жүздеген жылдардан кейін де болашақ ұрпақ таңдана тамашалайтын құнды дүниеге айналатыны сөзсіз. Бүгінге дейін сақталып келген тарихи жәдігерлер кейінгі ұрпақ үшін аса бағалы мұра болып қалуына ат салысқан осындай азаматарымызға алғыс білдереміз.
«Музейге сый» акциясы жалғасын табады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Бүгін - Дүниежүзілік лимфомалармен күрес күні
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда облыс әкімінің мерекелік шыршасы өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024