жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Құс атамын деп өзі оққа ұшты: Жамбыл облысында 14 жасар бала көз жұмды

Құс атамын деп өзі оққа ұшты: Жамбыл облысында 14 жасар бала көз жұмды
ашық дереккөзі
Құс атамын деп өзі оққа ұшты: Жамбыл облысында 14 жасар бала көз жұмды
Жамбыл облысы Меркі ауданында сегізінші сыныптың оқушысы оқ жарақатынан қаза болды Меркі ауданы полиция бөліміне аудандық орталық ауруханадан Тескентоған ауылының кәмелетке толмаған 14 жасар тұрғыны пневматикалық қарудан атылған оқтан алған дене жарақатынан қайтыс болғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қаза болған бала өзінің досымен бірге ата-анасының рұқсатынсыз қаруды алып, далада құс атып жүрген кезінде жарақат алғанын анықтады. «Аталған дерек тіркелді. Қазіргі уақытта Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиғаның бүкіл мән-жайын анықтау және объективті зерттеу мақсатында тергеу жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеп-тексерудің басқа деректері жариялануға жатпайды»,-делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Осы орайда ведомство бүкіл ата-аналарға балаларыңа абай болуды, тіркелген қаруды заңмен белгіленген тәртіпте сақтауға шақырады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар