Жамбыл жаңалықтар

С. Громов Жамбыл облысына іссапармен келді

С. Громов Жамбыл облысына іссапармен келді

Шу ауданына Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.Н.Громов іссапармен келді. Ол ирригациялық және дренаждық желілердің құрылысы сонымен қатар, Тасөткел су қоймасының қайта жаңғырту жұмыс барыстармен таныса отырып: "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" шеңберінде жүргізілетін Тасөткел су қоймасының екінші кезегін қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды тоқтатпау. Бөгеттің жағалауын нығайту және ұлғайту жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, түбін тереңдету немесе кеңейту жұмыстарын қолдана отырып, су қойманың жинақталу көлемін 800-850 млн.м3 дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды. Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстарында қолданылатын материалдар мен бұйымдардың сапасына қадағалауды күшейту, қабылданған міндеттемелер орындалмаған жағдайда келісімшартты бұзуға дейін қатаң шаралар қабылдау керектігін ескере отырып тиісті мекемелерге тапсырма жүктеді. ПУИД-2 шеңберінде Жамбыл облысында суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуі мен мелиоративтік жай-күйін жақсарту көзделіп отыр. Бұл жобаларды іске асыру ауыл шаруашылығын дамытуға оң әсер ететіні сөзсіз.