Сақ болыңыз: Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді
«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, 21 қыркүйекте Жамбыл облысында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аймақтарында 15-20 м/с-қа дейін жетпек.