Жамбыл жаңалықтар

САҒЫНЫШЫН СУРЕТПЕН СЕЗДІРГЕН...

САҒЫНЫШЫН СУРЕТПЕН СЕЗДІРГЕН...

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеп отырған сотталғандарды мекеме әкімшілігі 30- тамыз Конституция күні мерекесімен құттықтады. Сотталғандарға мерекелік көңіл- күй қалыптастыру мақсатында мәдени-спорттық іс- шаралар өткізілді. Жазасын өтеушілер өз кезегінде ұйымдастырылған  іс- шараларға белсене қатысып,  өзара сайысқа түсті. Жасақтар арасында Конституция тақырыбында сурет сайысы да өтті. Көркем өнерімен көзге түскен сотталғандар  марапатқа ие болды. Темір тордың арғы жағындағы жандар өздерінің қателіктерін түсінгенін, бостандықтың қадірі мен отбасының құндылығын қылқалам арқылы бейнеледі. Өздерінің түзу жолға түскісі келетінін қаламның сырымен ұқтырып, жақындарына  оралғысы келетіндерін білдірді.