«Саналы ұрпақ» клубымен кездесу өтті
«Саналы ұрпақ» клубымен кездесу өтті
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшының бірінші орынбасары Б.Ниязов М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Саналы ұрпақ» клубының белсенді студенттерімен кездесті. «Саналы ұрпақ» клубының мақсаты – оқу ордасындағы оқытушы құрам мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет көтеру, сапалы да саналы білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тартуға дайын студенттер ортасын қалыптастыру болып табылады. Кездесу барысында студенттермен сыбайлас жемқорлықтан азат, білімді, саналы, патриот және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу бағытталған ой қозғалды.