сенбі, 23 қараша, 2024 9:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сапаға көңіл бөлу қажет

Сапаға көңіл бөлу қажет
ашық дереккөзі
Сапаға көңіл бөлу қажет
Бүгін аудан әкімі Сәкен Арубаев пен орынбасары Нұрлан Несіпбеков мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Көлқайнар ауылдық округіне қарасты Тастөбе ауылындағы орта жөндеуден өтіп жатқан көшелерді аралап көрді, - деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. Қарқынды жұмыс басында жүрген ауыл әкімі Асылбек Қонаровтың айтуынша, көшелерге асфальт төсеу жұмыстары бастау алған. – Мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отырмыз. Ағымдағы жылы Тастөбе ауылын көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен 277 млн теңге бөлініп, ауылішілік көшелерге газ құбыры тартылды. Келер жылы ел игілігіне берілетін болады. Бұдан бөлек 8 көшеге асфальт төсеп жатырмыз. «ЖамбылДорМостСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған жұмысқа қазынадан 58 млн 74 мың теңге қарастырылды. Бүгінде Қ.Қынуарбек көшесіне жол жабындысы төселді. Мердігерлік мекеме алдағы айда қалған көшелерді аяқтайтынын айтты. Халық қажетін өтеу үшін қолға алынған тірнекті тірліктер ауыл тұрғындарының да бақылауында, – деді ол. Аудан басшысы Сәкен Арубаев жолдың сапасы жіті назарда болу керектігін алға тартып, қара суыққа ұрынбас үшін жұмыстарды тездетіп тиянақтауды тапсырды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар