жексенбі, 17 қараша, 2024 17:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарысу ауданында ауқымды рейд жұмыстары жүргізілді

Сарысу ауданында ауқымды рейд жұмыстары жүргізілді
ашық дереккөзі
Сарысу ауданында ауқымды рейд жұмыстары жүргізілді
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Жамбыл облысы ПД бастығы А. Баймурзиннің бұйрығымен Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері екі тәулік бойы кең көлемді рейдтік іс-шаралар жүргізді. Полиция қызметкерлері есепте тұрған 38 адамды тексерді. Нәтижесінде медициналық куәландыру қорытындысымен «орта дәрежелі» алкогольдік масаң күйде болған 33 жастағы тұрғынға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінде пробацияда есепте тұрған 40 адаммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, олардың саусақ іздері қайта алынып, орталықтандырылған деректер базасына жаңартулар енгізілді. 96 автокөлік тексеріліп, оның жетеуі арнайы айып тұрағына қойылды. Көлік құралын масаң күйде басқарған 4 жүргізуші сот шешімімен әкімшілік қамаққа алынды. Сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608, 613, 440, 449, 593, 595, 596, 602, 612 секілді тағы басқа баптарымен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Одан бөлек, ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен есiрткi затын заңсыз сақтаған 50 жастағы Жаңатас тұрғыны анықталды. - Аудан орталығы мен барлық ауыл-аймақтарда өткізілген профилактикалық іс-шара барысында екі күнде барлығы 105 құқық бұзушылық анықталды. Осылайша, қаншама оқыс оқиғалар мен қылмыстың алдын алдық деп айтсақ болады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, - деп хабарлады Сарысу АПБ бастығы Асхат Алметов.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар