Сарысу ауданында медицина саласындағы кадр тапшылығы қалай шешіліп жатыр
Аталған аудандағы ауруханаға хирург мамандары жетіспейді
Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов өңірде медицина саласындағы кадр тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Сәкен Мамытовтың сөзінше, аудандағы денсаулық сақтау саласында мамандардың жетіспеушілігін шешу үшін оларды пәтермен қамту қолға алынған. Осы уақытқа дейін 25 медицина салысының қызметкері баспаналы болыпты.