дүйсенбі, 9 маусым, 2025 16:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарысуда көпбалалы аналарға ерекше құрмет көрсетілді

Сарысуда көпбалалы аналарға ерекше құрмет көрсетілді
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ана – адамзат баласының жарық дүниеге келуіне себепші болып қана қоймай, барша ізгіліктің бастауына айналған киелі тұлға. Оның жүрегіндегі шексіз мейірім мен сүйіспеншілік бүкіл ғаламға жылу сыйлайды.

Сарысу ауданында осындай алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетіліп, қоғамдағы рөліне лайық ілтипат білдірілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Күні кеше Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов көпбалалы аналармен кездесті. Бұл игі шара Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы аясында ұйымдастырылып, аналардың қоғамдағы, отбасындағы маңызын айқындай түсті.

Жиын барысында аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы аналардың еңбегін ерекше атап өтіп:

— Ана – тіршіліктің алтын арқауы. Халқымыз “Бала бақыты – ананың алақанында” деп тегін айтпаған. Сіздер – әр отбасының ұйытқысы, ұлттың ұрпағын тәрбиелеп отырған қайратты жандарсыздар. Қоғамдағы орны бөлек, құрметке лайық сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді.

Салтанатты қабылдау кезінде көпбалалы аналарға мемлекеттік марапаттар – "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілері салтанатты түрде табысталды. Бұл – тек марапат емес, елдің аналарға деген алғысы мен құрметінің көрінісі.

Шара соңында марапат иелері де өз ризашылықтарын білдіріп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың өмір сапасына оң әсер етіп жатқанын жеткізді. Олар Сарысу ауданында аналар мен балаларға жағдай жасауға арналған әлеуметтік жобалардың артып келе жатқанына ерекше тоқталып, әкімдікке алғыстарын жеткізді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар