Сарысуда "Ой шебері" зияткерлік ойыны өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 мамыр, 2025
- 207

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында Абай атындағы орта мектебінде "Ой шебері" зияткерлік ойыны өтті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Әулиеата — кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Ой шебері» зияткерлік ойыны Сарысу ауданы орта білім білім беру ұйымдарынан 24 топ өтінім білдіріп, тоқсаннан астам оқушы бақтарын сынады.
Ойын барысында Маралтай Райымбекұлының “Ай” өлеңдер жинағы, Бауыржан Момышұлының “Офицердің күнделігі”, Сансызбай Сарғасқаев «Тәмпіш қара», Шерхан Мұртазаның “Ай мен Айша”, Пернебай Дүйсенбин «Шуақты белес» шығармаларынан сұрақтар қойылды, қатысушылар Бауыржан Момышұлының “Офицердің күнделігі” шығармасынан жоғары ұпай жинады.
2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшелерінің Ұлттық кітап күнін құру туралы бастамасын қолдап, оқуға деген сүйіспеншілік – қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды қасиеттердің бірі екенін атап өтті.
Ойынға арнайы жазушы Пернебай Дүйсенбин, Жаңатас қаласының әкімі Ілияс Домалақов, аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов, аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Балғабай алғы сөйлеп, Пернебай Дүйсенбин батасын берді
Ойын Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Сарысу ауданы білім бөлімінің қолдауымен «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұйымдастырды.
Барлық қатысушыларға естелік ретінде кітаптар таратылып, топ жетекшілеріне алғыс хат үлестірілді.