сенбі, 23 қараша, 2024 1:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сайлауалды бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы фракция отырысында қаралды

Сайлауалды бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы фракция отырысында қаралды
ашық дереккөзі
Сайлауалды бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы фракция отырысында қаралды
«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясы отырысы өтті. Тиісті басқарма басшылары мен фракция мүшелері қатысқан жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров өңірде сайлауалды бағдарламалардың орындалу барысын баяндады. Айта кетейік, облыста Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қарашадағы «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты Сайлауалды бағдарламасы аясында «Әділетті мемлекет», «Әділетті экономика», «Әділетті қоғам» атты 3 бағыты белгіленсе, «AMANAT» партиясының өңірлік Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық салалары қамтылып, 5 басым бағыт айқындалған. Аталған бағыттар бойынша өңірде ілкімді істер мен нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Әрине, бағдарламалардағы басымдықтар белгілі мерзімді қамтитындықтан алда атқарылатын жұмыстардың ауқымы да кең. Сондықтан басқосуда Нұржан Сәбитұлы келер жылы жүзеге асатын жұмыс жоспарлармен де бөлісті. Шарада фракция мүшелері бірқатар түйінін тарқатуды қажет ететін бірқатар мәселелерді көтерді. Бұдан өзге, аймақта нәтижелі жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы, аудандардағы полиция пункттерін материалдық-техникалық жағынан оңтайлы қамтамасыз ету, нысан құрылыстарын тиімді жобалау бойынша ұсыныстар берілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар