Жамбыл жаңалықтар
Сенат депутаты «Даңқ залы» мен Бауыржан Момышұлының музейіне барды
- авторБақытжан Бекболат
- 4 шілде, 2025
- 575
Тарихи нысандармен танысып, музей қызметкерлерінің экскурсиясына қатысты
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдыралы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сапар аясында Сенат депутаты ең алдымен Тараз қаласындағы маңызды тарихи-мәдени орындардың бірі – «Даңқ залы» мен Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына арналған музейге арнайы барды.
Дархан Қыдыралы аталған нысандарды аралап, ондағы құнды жәдігерлермен және батыр бабамыздың өмірі мен ерлігіне арналған материалдармен танысты. Экскурсияны облыстық музей қызметкерлері жүргізіп, экспозициялар жайында жан-жақты ақпарат ұсынды.
Депутат өз кезегінде батыр бабамыздың рухын ұлықтаудағы музей жұмысының маңыздылығын атап өтіп, мұндай нысандардың жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берудегі рөлін жоғары бағалады.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025





