Жамбыл жаңалықтар

Сенбілікке шықтық белсеніп

Сенбілікке шықтық белсеніп

Тазалық - қала шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі. «Тазалық - денсаулық кепілі», - деген ізгі ниетті басшылыққа алған Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің басшысының бұйрығымен сенбіліктер жиі ұйымдастырылып тұрады. Көктемнің шуақты күндерінен бастау алған мекеме аумағын қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстары басталды. Сенбілік нәтижесінде мекеме аумағы қыстан кейін кәдімгідей тазарып қалды. Сенбілікке қатысқан мекеме қызметкерлері қоқыс-қалдықты шығарып, ағаш түптерін әктеп, мекеме аумағының әсемденуіне бір кісідей атсалысты. «Алдыңғы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады»,-деді мекеме қызметкерлері.