Жамбыл жаңалықтар

Серік Сәлемов Меркі ауданына жұмыс сапарымен барды

The final spritzer

Бүгін Меркі ауданында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов және құқық қорғау саласының өкілдері “Заң және тәртіп" қағидаты аясында тұрғындармен кездесу өткізді

Шараға Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Еркін Қуанышев,  облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Бауыржан Жанаев, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары және орынбасарлары, колледж студенттері, белсенді жастар, түрлі сала мамандары мен аудан тұрғындары қатысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жиынды ашқан Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды тілге тиек етті.

Ал, облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы баяндама жасап, Меркі ауданындағы ахуалға тоқталды.

Жиын барысында полиция департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Жанаев жастар арасындағы құқықбұзушылық бойынша баяндама жасап, арнайы бейнероликтер көрсетті.

Ал, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Еркін Қуанышев азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ Меркі аудандық білім бөлімінің басшысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталса, Жамбыл облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Айбек Қадыралиев өңірдегі атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

Жиын қорытындысында Серік Сәлемов заң мен тәртіптің қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың негізі екенін атап өтіп, мұндай құндылықтарды сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін жеткізді.