бейсенбі, 29 қаңтар, 2026 19:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Серік Сәлемов қолөнершілермен кездесті

Серік Сәлемов қолөнершілермен кездесті
Алтынбек Қартабай
Жиында бірқатар мәселе көтерілді

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қолөнершілермен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жиынға мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, қала әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова және кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының өкілдері қатысты.

Басқосуда алдымен Серік Сәлемов сөз алып, облыс көлемінде ұлттық мұраларымыз насихаттау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Сонымен қатар Президент тапсырмасына сәйкес, Креативті индустрияны дамыту қоры құрылғанын және әр өңірде қордың филиалдары жұмыс атқаратын жеткізді.

- Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес креаторларға қолдау көрсету мақсатында Креативті индустрияны дамыту қоры құрылды, қордың басқарушы директоры болып Каналимов Ерлан Ермекұлы тағайындалды. Әр өңірде қордың филиалдары жұмыс атқаратын болады. Бүгінгі таңда қордың тарапынан еліміз бойынша креаторлар тізімін қалыптастыруда. Сонымен қатар, 2026 жылдың жоспарын айқындау мақсатында Мәдениет және тілдер дамыту басқармасы өңірде өткізу жоспарланған ірі шаралардың тізімін қорға жолдады. Олардың қатарында «Қызғалдақ мұра – 2026» халықаралық тюльпандар фестивалі, «Aspara Fashion Week» халықаралық дизайнерлер және «Үздік қолөнерші» конкурстары мен жергілікті суретші-қолөнерші әйелдердің көрмесі және тағы басқалары бар, - деді Серік Жақсылықұлы.  

Облыс әкімінің орынбасары атап өткендей, бүгінгі күні креаторлардың жұмысына басымдық берілуде. Осылайша олардың кәсіби деңгейлерін көтеру мақсатында наурыз айында оқыту басталады.

Бұдан соң жамбылдық қолөнершілер ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Қауымдастықтардың сәндік-қолданбалы өнерді дамытуға қатысты ортақ үнін «Sheber shanyraq» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Анар Бексұлтанова айтты.

- Алдағы ауқымды көрмелерге қатысатын қолөнершілерге қаржылай қолдау көрсету мәселесін қарастыруды өтінеміз. Мұндай қолдау шеберлердің белсенділігін арттырып, облысымыздың мәдени әлеуетін кеңінен танытуға мүмкіндік береді. Тараз қаласында көне қалашық салу жоспарланған жағдайда, аталған нысанның қала сыртында емес, қала ішінде орналасуын сұраймыз. Себебі қолөнершілер қаланың әр түкпірінен қатынайды және мұндай орталық адам көп шоғырланатын, қолжетімді жерде болғаны маңызды. Сонымен қатар, бұл ғимарат әрбір қолөнершінің кәсіби ерекшелігіне сай жобаланып, салынса деген ұсынысымыз бар, - деді Анар Бексұлтанова.

Мәселелерді назарға алған облыс әкімінің орынбасары ұсыныстар ескерілетінін, әрі қолөнершілерді қолдау шаралары жалғаса беретінін жеткізді.

Айта кетейік, өңірде креативті индустрияларды дамыту мақсатында былтыр «Қолөнершілер үйі» креативті хабы ашылды. Осы ғимаратта қолөнермен айналысатын «Өшпес Мұра», «Қолөнер-Тараз», «Қолөнершілер Одағы», «Шебер Шаңырақ» және «Альянс Хас шебер» қоғамдық бірлестіктері және 190-ға жуық қолөнершілер жұмыс жасайды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар