Жамбыл жаңалықтар

Сейітхан Жошыбаев Асфендияров атындағы университеттің алтын медаліне ие болды

Дәрігерге медальді университеттің жүрек-қан тамырлары хирургиясы кафедрасының меңгерушісі Төлеген Егембердиев табыс етті

Таразда белгілі кардиохирург Сейітхан Жошыбаевтың 85 жасқа толуына орай өтіп жатқан Халықаралық конференцияда  С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүрек-қан тамырлары хирургиясы кафедрасының меңгерушісі Төлеген Егембердиев дәрігерге оқу орнының алтын медалін тақты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Конференция жүрек ауруларындағы аса жауапты емдеу тәсілдерін көрсететін шеберлік сағатымен жалғасты.

Еске салайық, Сейітхан Жошыбаевтың 85 жасқа толуына орай өтіп жатқан конференцияға Өзбекстан, Қырғыстан, Ресей, Татарстан сынды елдердің кардиохирург дәрігерлері қатысып жатыр.