ШҚО-да 13 жыл бұрынғы кісі өлімі ашылды
ШҚО-да 13 жыл бұрынғы кісі өлімі ашылды
Ең сорақысы, 1968 жылы туған әйел адам өз танысының қолынан қаза тапқан Полицейлердің айтуынша, 2008 жылдың сәуір айында Аягөз - Қарағанды тас жолының бойынан 35 жастағы келіншектің мәйіті табылып, аса ауыр қылмысты ашу ол кезде мүмкін болмапты. Бірақ күдіктілерді іздестіру бүгінгі күнге дейін жалғаса берген. Ақырында тәртіп сақшылары Риддер қаласының 51 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті өзіне қарсы жиналған дәлелдер мен айғақтарды көргеннен кейін аталған қылмысты жасағанын бірден мойындапты. Айтуынша, бұл іске баруына сүйіктісіне деген қызғанышы сеп болған көрінеді. Өйткені, олар бәрі бірге демалыста болған. Сөйтіп ол жәбірленушіні пальтоның белбеуімен қылқындырып өлтірген. Енді күдікті 20 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.