сенбі, 28 желтоқсан, 2024 7:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ШҚО тұрғыны бір балық аулап, 3 миллион теңге айыппұл арқалады

ШҚО тұрғыны бір балық аулап, 3 миллион теңге айыппұл арқалады
ашық дереккөзі
ШҚО тұрғыны бір балық аулап, 3 миллион теңге айыппұл арқалады
ШҚО-дағы Зайсан-Ертіс облысаралық балық инспекциясы Алтай аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесе Қызыл кітапқа енген балықты аулаған тұрғынды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Өңірде қазір балық аулауға тыйым салынған. Дегенмен Бұқтырма су қоймасы аумағында бұған көз жұмған жергілікті тұрғын рейд жасалып тұратынын жадынан шығарып алған көрінеді. Ресми мәліметке сәйкес қолға түскен адамды тексеру кезінде салмағы 4,2 келі тартатын таймень балығы салынған полиэтиллен пакеті табылды. Ұсталған адамның сөзінше, балық Бұқтырма өзенінен ауланған. "Алдын ала шығын 3105000 теңге болады. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес (сирек кездесетін немесе құрып кетудің алдында тұрған жануарлар мен өсімдіктерді жою, заңсыз балық аулау, оны сату, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды", - деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі. Енді облыс тұрғынына 3000 АЕК көлемінде айыппұл, 800 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту, болмаса үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылуы мүмкін. Одан бөлек департамент өкілдері тергеу амалдары нәтижесіне сәйкес, үш жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін белгілі бір қызметке тағайындалу құқығынан айырылуы мүмкін екенін де айтты.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар