Жамбыл жаңалықтар

Шетелдік құқық бұзушы анықталды

Шетелдік құқық бұзушы анықталды

22 қараша 2023 жылы Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының қызметкерлерімен Тараз станциясы теміржол вокзалында ЖПІШ тексеру жүргізу барысында, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 1992 жылы туылған азаматы анықталған. Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабы 4 бөлігіне сәйкес, яғни шетел азаматтарының заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 (он) тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінгені. ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ағымдағы жылдың 22 қараша күні аталған құқықбұзушыға Қазақстан Республикасынан сот қаулысына  сәйкес әкімшілік жолмен шығарылып,  5 жылға дейін Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынды.