Шетелдік құқық бұзушы анықталды
Шетелдік құқық бұзушы анықталды
22 қаңтар 2024 жылы Тараз станциясындағыжелілік полиция бөлімі көші-қон қызметі тобыныңқызметкерлерімен «Тасмалдаушы» жедел профилактикалық іс шарасын өткізу барысында,Тараз станциясы теміржол вокзалының перронында №85 «Астана-Шымкент» жолаушылар пойызына тексеру жүргізу барысында, ҚазақстанРеспубликасының халықтың көші-қонызаңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының2001 жылы туылған азаматы анықталған. Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабы 4 бөлігіне сәйкес, яғни шетел азаматтарының заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 (он) тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген. ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ағымдағы жылдың 22 қаңтаркүні аталған құқықбұзушыға Қазақстан Республикасынан сот қаулысына сәйкес, әкімшілік жолмен шығарылып, 5 жылға дейін Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынды.