Жамбыл жаңалықтар
Шу аудандық ветеринарлық стансасының директоры мен бас бухгалтері сотталды
- авторjambylinfo.kz
- 20 қыркүйек, 2021
- 181
Шу аудандық ветеринарлық стансасының директоры мен бас бухгалтері сотталды
Мердігер компаниялардың шотына іс жүзінде жеткізілмеген тауардың ақысын аударып, сыбайласына заңсыз сыйақы тағайындаған Шу аудандық ветеринарлық стансаның директоры 8 жылға сотталды.
Бұл тураы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Бегайдаров Antikor ақпарат алаңында айтты. «14 қыркүйекте «Шу ауданының ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығндағы кмоомуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры Д. Тілемісов 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Осы мекеменің бухгалтері С. Аукешева 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деді Данияр Бегайдаров. Агенттік тергеушісінің айтуынша, директор мен бухгалтер заңсыз әрекеттері арқылы мемлекетке 92,9 млн теңге зиян келтірген. «Олар іс жүзінде жеткізілмеген тауар-материалдық құндылықтар үшін үлестес компаниялардың шоттарына негізсіз өтем аудару жолымен, сондай-ақ өздеріне көтеріңкі жалақы, сыйлықақылар мен іссапар шығыстарын негізсіз аудару жолымен 62 954 936 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінді», - деді агенттік өкілі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз