Жамбыл жаңалықтар

Шу ауданында аса ірі көлемде гашиш сақтаған ер адам ұсталды

Тәркіленген зат жалпы салмағы 915 грамм гашиш есірткі заты болып шықты

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ҚР ІІМ-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетімен және «Сұңқар» арнайы бөлінісінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі заттарын аса ірі көлемде сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Санкцияланған тінту барысында Шу қаласының 60 жастағы тұрғынының тұрғын үйінде, оған іргелес аумақта және шаруашылық құрылыстарында, ауладағы бастырманың астынан полиция қызметкерлері мен Хэппи есімді қызметтік ит диван жиhазының артына жасырылған қара түсті полиэтилен пакет тапты.