сенбі, 14 маусым, 2025 12:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шу ауданында электровоздарды жөндейтін сервистік депо ашылды

Шу ауданында электровоздарды жөндейтін сервистік депо ашылды
Фото: jambylinfo.kz
Жобаның жалпы құны 4 млрд теңгеден асады

Шу ауданында электровоздарды жөндейтін сервистік депо ашылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz 

Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова және Көлік министрлігінің өкілдері, жобаға инвестиция салған «Alstom Kazakhstan» компаниясының басшылығы қатысты.

Жиында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі сервистік депоның Шу ауданында орналасуы оның стратегиялық маңызын арттырып, еліміздің теміржол инфроқұрылымын дамытуға зор үлес қосатынын айтты.

Аталған нысанның құрылысы 2023 жылы басталған. Жобаның жалпы құны 4 млрд теңгеден асады.

100-ден астам жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтитын нысанда күніне 6, айына 120 электровоз жөнделеді деп көзделуде.

Айта кетейік, 2026 жылға дейін еліміздің басқа өңірлерінде, яғни Арыс, Алматы, Астана қаласында сервистік депо ашылмақ.

 

 

 

 

 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар