Жамбыл жаңалықтар

Шу бойында суға тапшылық болмауы тиіс – Мейрамбек Төлепберген

Шу бойында суға тапшылық болмауы тиіс – Мейрамбек Төлепберген

Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген аймақтарға сапар барысында Жамбыл облысының Шу ауданына барды. Онда Дулат ауылдық округінің тұрғындары мен шаруа қожалық өкілдері өте өзекті әрі жұртты мезі еткен мәселені көтерді. Атап айтқанда, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстар комитетінің тапсырысымен құны 3,8 млрд теңге тұратын «Ирригациялық-дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы (ПУИД-2)» бағдарламасы осы Шу ауданында жүзеге аса бастайды. Депутат атап өткендей, суландыру аумағы 5 мыңнан астам гектар жерді қамтып, жалпы ұзындығы 94 шақырымға созылатын су каналының қалпына келтіру жұмысы 2021 жылы аяқталады деген уәде орындалмақ түгілі, 3 жылда игерілгені көзделген қаржының 13 пайызын ғана (497,6 млн) құрады.