Шу тұрғынынан 400 мыңнан астам доза марихуана тәркіленді
Шу тұрғынынан 400 мыңнан астам доза марихуана тәркіленді
Жамбыл облысында полицейлер 400 мыңнан астам доза есірткі тәркіледі. Жамбыл облысында алты айда 324 есірткі қылмысы анықталды Атырау тұрғыны үйінің ауласында марихуана өсірген СҚО-да жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жойылды Жамбылда есірткіні жарнамалайтын 650-ден астам граффити өшірілді «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу қаласының 20 жастағы тұрғынын ұстады. Ол Шу ауданы Тасөткел ауылынан 3 шақырым жерде жедел-іздестіру шаралары кезінде қолға түсті. Тінту барысында одан жалпы салмағы 42 келі 500 грамм «марихуана» есірткі заты табылды. Тәркіленген есірткінің салмағы - 400 мыңнан астам доза. «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған» - деп атап өтті ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.