Шу тұрғынынан 5 келіге жуық «гашиш» табылды
Шу тұрғынынан 5 келіге жуық «гашиш» табылды
Жамбыл облысында «Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мойынқұм ауылынан 5 шақырым жерде Шу қаласының 31 жастағы тұрғынын ұстады, одан тінту барысында жалпы салмағы 4 келі 704 гр «гашиш» есірткі заты табылып, тәркіленді. – Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.