Жамбыл жаңалықтар
Шу вокзалында қайыр сұрап жүрген 9 жасар баланың мәселесін комиссия қарайтын болды
- авторjambylinfo.kz
- 11 қазан, 2021
- 162
Шу вокзалында қайыр сұрап жүрген 9 жасар баланың мәселесін комиссия қарайтын болды
Шу қаласында көлік полицейлері вокзалда қайыр сұрап жүрген балаға көмек көрсетті.
Айта кетейік, екі күн бұрын Facebook қолданушысы Зарина Москау Шу темір жол вокзалында кішкентай жүдеу баланың қайыр сұрап жүргенін жазған болатын. «Шамамен 9 жасар бала «тамаққа ақша беріңіздерші» деп қайыр сұрап жүр. Біз оған тамақ алып бердік, бас тартқан жоқ. Анасы үйінде ауырып жатыр екен, өгей әкесі жұмыста деді. Күтім көрмегені көрініп тұр, киімі кір, өз киімі емес сияқты, аяғындағы аяқ киімі үлкен. Перронға да жүгіріп шығып кетіп жүрді. Бұл түрімен бір қатерге ұшырамасын. Облыстағы құзырлы органдар назар аударады деген үміттемін» деп жазады Зарина. Бұл жазбаға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова жауап қатып, баланың отбасы жайлы айтып берді. «Ш. есімді бала түзету сыныбында оқиды. Қаңғыбастыққа бейім. Жайсыз отбасынан. Бұл мәселе назарға алынды. Мектеп киім-кешек бергенімен ата-анасы оны сатып жібереді. Алдағы уақытта кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі облыстық комиссия бұл баланың мәселесін қарайды. Қорғаншылық органдары аталған отбасымен жұмыс жүргізеді» деп мәлім етті вице-министр. Сондай-ақ Шу стансасы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері баланың үйіне барып, анасымен сөйлесті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024