дүйсенбі, 23 маусым, 2025 22:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шуда көптен күткен қуаныш: 39 отбасы жаңа пәтерге ие болды

Шуда көптен күткен қуаныш: 39 отбасы жаңа пәтерге ие болды
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласында 39 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қоныс тойын атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кілт табыстау салтанатына аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков пен тұрғындар қатысты. Аудан басшысы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі маңызды мәселе екенін атап өтіп, бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

Бұл жолы баспанаға халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтар ие болды. Қуанышқа кенелген тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға алғыстарын білдіріп, бұл күнді отбасылары үшін тарихи әрі жарқын сәт деп бағалады.

– 8 жыл бойы кезекте тұрдық. Арманымыз орындалды. Балаларым енді өз үйімізде қуанышпен өмір сүре алады, – деді жаңа қоныс иесі Айгерім Жайлыбекқызы.

Айта кетейік, бүгінде Шу ауданында 1900 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Өткен жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасыларға 50-ден астам баспана салынып, кілттері иелеріне табысталған болатын.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар