Әскерге барған университет түлектерін грантты 3 жыл бойы өтеуден босату ұсынылды
Әскерге барған университет түлектерін грантты 3 жыл бойы өтеуден босату ұсынылды
Қорғаныс министрі мен Білім және ғылым министрі мектептерде әскери-патриоттық тәрбие беру, еліміздің әскери жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау және әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов хабарлады. Қос министрдің кездесуіне мемлекет басшысының әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын арттыру туралы тапсырмасы себеп болыпты. «Еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жастарды алғашқы әскери даярлықтан өткізу және офицерлер даярлау – ол ортақ міндет. Ал осы бағытта біздің министрлік өте маңызды рөл атқарады»,- дей келе, Асхат Аймағамбетов өз ведомствосы тарапынан бірқатар ұсыныс жасады