жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сотталған азаматтар акварель бояуларымен шығармашылығын дамытты

Сотталған азаматтар акварель бояуларымен шығармашылығын дамытты
Фото - ашық дереккөз
Іс-шара "Арт терапия" деп аталады

№ 58 Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеме психологтары профилактикалық есепте тұратын сотталған азаматтармен «Арт терапия» топтық түрінде жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған іс-шараның басты мақсаты – сотталғанның өзін-өзі тану, шағармашылық қабілетін дамыту, қорқыныш пен үрейден арылу, мазасыздану мен агрессия көрсеткішін төмендету, психоэмоционалдық жағдайын жақсарту және өз жанұя мүшелерін қағаз бетіне түрлі-түсті бояулармен әртүрлі гүлдерге баламалап бейнеледі. Өткізілген әдістемеден кейін сотталған азаматтарға салған суреттеріне қарай интерпретация берілді.

Сотталғандар кері байланыс жасап, өз ойларымен бөлісіп, жағымды әсер алғандарын айтып өтті.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар