сәрсенбі, 15 сәуір, 2026 0:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сотталғандар арасында деструктивті іс-әрекеттердің алдын алу шарасы өткізілді

Сотталғандар арасында деструктивті іс-әрекеттердің алдын алу шарасы өткізілді
Фото - ашық дереккөз
Психолог маманы суицидалдық іс-әрекеттерге бейім сотталғандармен жұмыс, сонымен қатар алдын алу іс шаралары туралы жалпылама мәліметтер берді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінде сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық  тәрбие жұмысы бөлімінің психолог мамандарымен,  Жамбыл облысы психикалық денсаулық орталығының психиатр дәрігері И.В. Данилюк  және психолог Ж.О. Аленовамен бірлесіп 5513 жауынгерлерімен және жеке құрам арасында "Арнайы континент арасында профилактикалық есепте тұрған сотталғандармен деструктивті іс-әрекеттердің алдын-алу және психоактивті заттарға тәуелді сотталғандармен жұмыс" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тақырып бойынша психиатр дәрігері өз сөзінде  психоактивті заттардың қазіргі қоғамға қауіпті, әсіресе сотталғандардың арасында көп кездесетін мәселелердің бірі болып табылатындындығын атап өтті. Психоактивты заттардың түрлерін,  негізгі белгілерін, себептерін, сондай ақ қолданғаннан кейінгі салдары туралы таныстырды.

Психолог маманы суицидалдық іс-әрекеттерге бейім сотталғандармен жұмыс, сонымен қатар алдын алу іс шаралары туралы жалпылама мәліметтер берді.  Аталған іс шара арнайы континент арасындағы  профилактикалық есепте тұрған сотталғандармен деструктивті іс-әрекеттерді алдын алуға және психоактивті заттарға тәуелді сотталғандармен жұмыс жасауға бағытталған.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар