Жамбыл жаңалықтар

СОТТАЛҒАНДАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

СОТТАЛҒАНДАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – «Қазақстан халқының бірлігі күні» Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінде 29 сәуірінен басталды. 1 мамыр аралығына дейін  сотталғандар арасында мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралары ұйымдастырылды.  width=  width=  width=  width= Өткізілген іс-шараларға сотталғандардың басым бөлігі, әр жасақтан      15-20 жазасын өтеушіден қатыстырылды. Атап айтқанда қатысушылар футбол, армреслинг, шахмат, дойбы, кір тасын көтеру сынды спорттың түрлерінен өзара бақ снысты. Сондай-ақ, мейрамға арналған қабырға газеттердің конкурстары өткізілді. Байқау жеңімпаздары мен ең белсенді қатысушылар мекеме бастығының құқығымен марапатталды. Мұндай іс-шаралар сотталғандардың бос уақыттарын пайдалы іспен айналысуға, спортпен шұғылдануға, жалпы дұрыс жолға түсуі мен  салауатты өмір салтын ұстануына өз пайдасын тигізбері сөзсіз.