Жамбыл жаңалықтар

Сотталғандар теңбіл доптан сынға түсті

Сотталғандар теңбіл доптан сынға түсті

  Бүгінгі таңда елімізде жазасын өтеушілерге қатысты бірқатар ізгілендіру шаралары жүзеге асырылуда. Түзеу мекемесіндегі адасқан жандардың бір мезгіл еңбекке тартылып, өздерінің жүрек қалауымен жұмыс істеулеріне толық жағдай жасалған. Бұдан бөлек, олардың сабақ оқып, тіл үйренуіне және белгілі бір кәсіпті меңгеруіне, бостандыққа шыққаннан кейін оны кәдесіне жаратуына мүмкіндік бар. Сот үкімімен кінәлі деп танылған жандар сан түрлі спорт секцияларына қатысып, салауатты өмір салтын да берік ұстанады. Мәселен, ЖД-158/5 мекемесіндегі жазалы жандар демалыс күндері теңбіл доптан өзара сынға түсіп, кім мықтыны анықтайды. Мекеменің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарын жүргізу бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға 30-ға тарта сотталған азамат қатысып, бірнеше командаға бөлінді. Қызықты әрі тартысты өткен шара соңында жеңімпаздарға құрметке бөленсе, барлық қатысушыларға кәдесыйлар үлестірілді. А. Кали ЖД-158/5 мекемесі сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарын жүргізу бөлімінің жасақ бастығы