Сотталғандардың денсаулығы бақылауда ұсталады
Сотталғандардың денсаулығы бақылауда ұсталады
Жазаны орындайтын мекемелердің міндеттерінің бірі - денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бас бостандығы шектелген азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға медициналық көмек көрсету болып табылады. Жуырда облыстық «Садыхан» ЖШС-нің дәрігерлерінің көмегімен Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде арнайы контингенттер арасында медициналық қарау жұмыстары жүргізілді. Кезекті рет өткен профилактикалық шара барысында сотталғандарға терапевт, эндокринолог хирург, офтальмолог, невропотолог, оторинолог, стоматолог, уролог және гинеколог сияқты мамандардың тексерілу мүмкіндігі ұсынылды. - Аталған профилактикалық шара барысында 176 адам тексерілді. Дәрігерлер мекеменің медициналық бөлімінің жұмысына сондай-ақ медициналық ұжымның жұмысқа қабілеттілігіне оң пікір білдірді. Көп жылдар бойы біздің мекемемен тығыз байланыста қызмет етіп келе жатқан облыстық «Садыхан» ЖШС-нің дәрігерлеріне алғыс айтамыз, – деді мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков. М.Сухамбердиева ЖД-158/5 мекемесінің медбикесі