Жамбыл жаңалықтар

Спортшылар жасанды желдету аппаратын сыйлады

Спортшылар жасанды желдету аппаратын сыйлады

Жаһан жұртының зәресін алған коронавирус пандемиясы біздің елімізді де сырт айналып өтпегені баршаға мәлім. Мемлекеттің пандемиямен барынша күресіп жатқаны да белгілі. Әсіресе ақ халатты абзал жандар барын салып еңбек етуде. Соған қарамастан аты жаман індеттің кесірінен небір аяулы азаматтар бақиға аттанып та кетті. Бұл дертпен күресте қоғам болып жұмылудың маңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Тараз» кәсіпқой футбол клубы, еліміздің мақтанышы, жүзу спортынан Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина және де басқармаға қарасты спорт мектептерінің өкілдері короновируспен күресте жұдырықтай жұмылып, өңіріміздегі дәрігерлерге қолдау көрсетті. Спорт саласының мамандары облыстық аурухана мен облыстық фтизиопульманалогиялық орталығына өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты. Айта кетейік шетелде жасалынған бұл аппарат өкпені жасанды желдетуде озық және ең тиімді технология болып табылады. Талайдың жүйкесіне ши жүгірткен дертпен күресте спорт саласының мамандары мен спортшылардың мұндай игі іске мұрындық болғаны қуантады.