Спорттық психология – адам психологиясы
Спорттық психология – адам психологиясы
Әрбір адамның спортпен шұғылдануы оның ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға сондай-ақ сергек және белсенді болуына мүмкіндік тудырады. Бүгінде бұл әдіс ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінің психолог мамандарының ұйытқы болуымен жазасын өтеушілер арасында спорт бірнеше түрінен іс-шара өтті. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, мұндай бұқаралық шаралар сотты болған азаматтарды түрлі агрессиялық ойлардан арылтады.
Айта кетейік, бұл шара ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс шаралар жоспарының тармақтарын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024