Жамбыл жаңалықтар

Студенттер Шу алқабында қылмыскерлер қалай қолға түсетінін көрді

The final spritzer

Полицейлер студенттер үшін экскурсия ұйымдастырған

Полицейлер Шу ауданының студенттеріне Ауданаралық "Дельта-Долина" есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліміне экскурсия ұйымдастырды. Іс-шара Шу аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

2007 жылы құрылған бұл арнайы бөлім Шу алқабынан есірткіні ел аумағына тасымалдау арналарын  және оны сақтау орындарын анықтаумен айналысады. Бөлімнің жұмысы Шу ауданының ғана емес, сонымен қатар Мойынқұм, Қордай, Меркі және  Тұрар Рысқұлов аудандарының аумағын да қамтиды. Мобильдік жедел топтар заманауи техникалық құралдармен жабдықталған.