Жамбыл жаңалықтар

Судьялардың жұмысы жетілдіріле береді

Мұндай пікірді ҚР Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Берік Құлтасов айтты

Ағымдағы жылдың 4 қазанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезі өтіп, онда судьялардың жаңа әдеп кодексі қабылданған болатын, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Берік Сайлауұлының сөзінше, бұл маңызды құжат судьялардың жұмысын әрі қарай жетілдіре бермек. 

Сонымен қатар Берік Сайлауұлы сот саласындағы бірқатар мәселелерді тілге тиек етті.

Атап айтқанда, халықпен кері байланыс, еңбек жағдайларын жақсарту, кадрлармен қамтамасыз ету, соттардың инфрақұрылымын дамыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс–қимыл, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соттар қызметінің нәтижелеріне талдау жүргізу-бұл қазіргі қоғамның талаптарына жауап беретін неғұрлым тиімді, ашық және әділ сот жүйесін құруға бағытталған әкімшілік функциялар. Осы бағыттарды нақты іске асыра отырып, біз қойылған міндеттердің орындалуына, судьялардың сот төрелігін жүзеге асырудағы тәуелсіздігін қамтамасыз етуде, заңның үстемдігін нығайту мен азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ететін сот әкімшілігінің тиімді жүйесіне қол жеткізуіміз демократиялық қоғамның жоғары көрсеткіші болып табылады.