Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында студенттер мен жас мамандарға дәріс өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында студенттер мен жас мамандарға дәріс өткізілді.
Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында департаменттің мамандары «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы аясында өңірде орналасқан жоғары оқу орындары студенттері мен аудан әкімдіктерінде келісім-шарт негізінде қызмет ететін жас мамандарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң аясында агенттік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар және қоғамда парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру бағытында жүзеге асырылған іс-шаралар туралы кеңінен тоқталып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Сондай-ақ Дулати университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ» клуб студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандары,Дулати университетінің аға оқытушысы, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі А.Қадырқұлов,Жамбыл ауданы А.Макаренко атындағы мектебінің мұғалімі, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі С.Кусёва, Жамбыл облыстық «Жас отан» жастар қанатының жетекшісі, Жамбыл облыстық мәслихат депутаты, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі У.Болатбек қатысты. Департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері оқу ордасында академиялық адалдық принциптерін қалыптастыру маңыздылығын, білім алумен қатар тәрбиеге аса мән берудің маңыздылығы туралы тереңінен ой қозғады. Жыл басынан бері департамент бастамысымен «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы аясында студенттер мен жас мамандарға, "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының мүшелері және Дулати университетінің «Саналы ұрпақ», «Фемида» және «Жас отан» ұйымдарының белсенді студенттерімен кездесу өткізіліп қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру бағытында департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы кешенді шаралар туралы кеңінен баяндап келеді. Іс-шара соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.