Тәлімгерлік мектептің берері мол
Тәлімгерлік мектептің берері мол
Жас маманды үйретудегі тәлімгерге жүктелген міндет жеңіл емес. Бұл тұрғыда тәлімгер талапқа сай болып, өз қызметін сапалы ойдағыдай атқара білгенде ғана көздеген мақсатына жетеді.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесі арнайы есеп бөлімінің қызметкерлері жұмысқа енді ғана орналасқан жас мамандарды тәрбиелеуде өз ісінің шебері, мықты маман болуы үшін өз тәжірибелерімен бөлісуде. Олар жас қызметкердің бойына қажетті қабілеттерді және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға күш салуда. Осылайша, жас қызметкерлердің ұжымда бейімделуіне, кәсіптік дамуына, қызметтік өсуіне жағдай жасалуда. Аида Досманбет, ЖД-158/1 мекемесі арнайы есеп бөлімі