Жамбыл жаңалықтар

Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды

Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Т. Рысқұлов ауданының әкімі болып Есіркепов Ернар Серікәліұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.   Аймақ басшысы ауданның жаңа әкіміне өңірдің жоғары әлеуетін тиімді пайдаланып, экономикасын арттыру, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеді.   Сондай-ақ, халықтың тұрмысын жақсарту, кері байланысты нығайту, мәселелерді шешу, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында жүйелі жұмыстар жүргізу керектігін атап өтті.